Алматының қақ ортасында адам пышақталды

10.01.2020 15:00

Пышақпен шабуыл жасаған ер адам шизофрения диагнозымен есепте тұрған

ru.baku.ws

Оқиға 8-ші қаңтар күні орын алған. Болған жайтты куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеп жіберген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мына кадрларда екі ер адам ерегесіп, біреуі қалтасынан пышақ шығарып, оны қарсыласына сұғып алады. Артынша ізін суытып кетуге тырысқан. Алайда, жедел іздестіру кезінде күдікті қолға түсті. Қалалық полиция департаментінің  мәліметінше, ұсталған адам 2011 жылдан бастап психиатриялық диспансерде параноидтық шизофрения диагнозымен есепте тұрған.

Жедел медициналық жәрдем бригадасы пышақпен шабуыл жасаған ер адамды Алматы қаласының «Психикалық денсаулық орталығына» жеткізді. Қазір, аталған факт бойынша, қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша қылмыстық кодекстің 293-ші бабы 3-ші бөлігінің 2-ші тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.