Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған
Жергілікті полиция департаментінің мәлімдеуінше, күдікті аулада ойнап жүрген жеткіншекті алдап бейіт басына апармақ болған. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Алайда, халықтың көзіне түсіп қалғандықтан педафил арам ойын іске асыра алмай, қашып кетеді. Полиция күдіктінің ізін суытпай тұтқындады. Қазіргі таңда ер азамат өз кінәсін мойындаған. Аталған іс бойынша тергеу амалдары басталды. Ол бұрын ұрлық жасап, алаяқтықпен айналысқаны үшін сотталған.