Түнде Алматыда болған жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

20.12.2019 15:01

Видеодан таяққа ұқсас зат ұстаған ер адамның аямай бір жігітті соққыға жығып жатқанын аңғаруға болады

кадр из видео

Алматыдағы Момышұлы-Қабдолова қиылысында жаппай төбелес болды, деп жазады Skifnews.kz.

@kris_p_almaty Instagram-парақшасында жарияланған видеоны оқиға маңынан өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі түсірген. 

Видеодан таяққа ұқсас зат ұстаған ер адамның аямай 1 жігітті соққыға жығып жатқанын аңғаруға болады. Оқиғаның шамамен түнгі сағат 1.30-2.30 шамасында болғаны жазылған. 

Бірнеше адам 2 жігітке қарсы шыққаны көрініп тұр. Жанжалдың неден туындағаны белгісіз. 

Желі қолданушылары оқиғаға қатысты пікірлерін білдірді.

«Видеоға түсіргенше, барып ажыратса қайтеді», «Хоккей ойнап жатыр деп ойладым», «Арматураның қажеті не?», «Сергекке млн-дап шығындалса да, көшелерде тыныштық жоқ», «Қар атысып ойнап жатыр ма десем», - деп жазуда олар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 


Теги: драка