Қызылордалық әйел көпірден секіріп қаза болды
polisia.kz
Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қызылордалық тұрғын көпірден секіріп қаза болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"12 желтоқсанда сағат 21:50 шамасында Қызылордада "102" арнасына Қазыбек би мен Қазантаев көшелері бойында орналасқан аспалы көпірден әйел секіріп кетіп, суицид жасамақ болғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетті. Тексеру барысында, азаматшаның қаза болғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) соталды тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
05.10.2026 12:35