Шымкентте бір отбасы белгісіз нәрседен уланып, ауруханаға түсті

14.02.2020 15:02

Үйдің ең кішкентайы - 1 жасар бала ауруханада көз жұмған, қалған екеуі жансақтау бөлімінде жатыр

tengrinews.kz

Шымкентте Ордабасы ауданында бір отбасы белгісіз заттан уланып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Басылымның мәліметінше, 2019, 2017, 2014 жылғы балалар мен 2000, 2002 жылғы жасөспірімдер ауруханаға жеткізілген.

2019 жылғы бала ауруханада көз жұмған, қалған екеуі жансақтау бөлімінде, 2,3-деңгейлі шок алған. Қалғандарына да медициналық көмек көрсетілген.

«Отбасы туыстарына қонаққа келген. Төтенше жағдайдан соң қызметкерлер пәтерді тексеріп шықты. Газдан уланбаған. Тағамның барлығы сараптамаға жіберілді», - дейді басылымдағылар.

Теги: Жансақтау