Өрт сөндіру жедел штабы құрылып, 2 жауынгерлік учаскеге бөлінгені хабарланды
Бүгін екі бірдей мегаполисте алапат өрт болды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Таңғы жеті жарымда Елордадағы 4 қабатты сауда кешенінің лапылдап жатқаны туралы хабар жетті, деп хабарлайды Almaty.tv
От жиһаз сататын дүкенде тұтаныпты. Көп кешікпей оқиға орнына 71 құтқарушы мен 19 арнайы техника келіп жетті.
«Іші қою түтін, температурасы өте жоғары болғандықтан, өрт сөндірушілерге қиындау болды. Өрт сөндірушілерді тез сөндіреді деп айталмаймын сіздерге, өйткені қою түтін шығып жатыр әлі. Сондықтан, күтеміз», – деді Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Аягөз Фазылова.
Ал, шым шаһарда сусындар сақталған қойма өртеніп, от 927 шаршы метрді шарпыған. Бүгін түнгі екіде шұғыл түрде оқиға орнына 72 құтқарушы, 16 дана техника және өрт сөндіру поезы келіп, үш сағат бойы отпен арпалысқан. Қоймадан 80 литрлік 3 оттегі баллоны мен 50 литрлік газ баллоны шығарылып, жарылыстың беті қайтарылды.
«Осы жылдың 1 қыркүйегінде түнгі сағат 02:00 шамасында Тәуке хан даңғылында орналасқан жшс Фиркан өртке оранғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер қоймадағы өртті өшірді», – деді Шымкент қаласының ТЖД бастығы Мадияр Жақсыбаев.