Алматылық бойжеткенді 27 млн теңгеге алдап кеткен балгер ұсталды
zen.yandex.com
Қазіргі таңда Сәлима есімді балгер ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ресейлік балгер алматылық қызды 27 миллион теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі мегаполистің Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция департаментінің хабарлауынша, жәбірленуші «балгерді» тақырыптық сайт арқылы тауып, одан Ресейден Алматыға келіп «сиқыр әрекеттерін» жасауды сұраған.
«Ресейлік 40 жастағы әйел арбау арқылы, жәбірленушінің сеніміне кіріп 27 миллион теңгесін алып кеткен», – деп хабарлайды полиция департаменті. Қазіргі таңда Сәлима есімді балгер ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды. Күдіктінің үстінен ҚРҚК 190 бабы 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33