|
Jol
06.09.2024 | 10:06
653

Алматының Бостандық ауданында жаңа бағдаршамдар орнатылды

Қала басшысы жыл басынан бері 14 көшеде 12,5 км жолдың орташа жөндеуден өткенін хабарлады

Алматының Бостандық ауданында жаңа бағдаршамдар орнатылды қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев ауданның жол инфрақұрылымын жаңғырту және жолаушылар тасымалы сапасын арттыру жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала басшысы жыл басынан бері 14 көшеде 12,5 км жолдың орташа жөндеуден өткенін, қазан айының соңына дейін тағы 19 көшеде 17,5 км жолдың жөндеуден өтетінін хабарлады. Ағымдағы жөндеу аясында 69 көшеде 22 мың шаршы метр жол жөнделді, қараша айының соңына дейін тағы 8 мың шаршы метр жол жөнделеді деп жоспарланған.

«4 көшеде 1,7 км тротуарлар салу жұмыстары жүргізілді, алдағы айларда тағы 6 магистральдық көшеде 1,8 км тротуар салу жоспарланып отыр. Аудан тұрғындарының өтінішімен реттелмеген жол қиылыстарына 8 бағдаршам орнатылды», – деді Ерболат Досаев.

Қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру туралы айта келе, Алматы әкімі биыл 10 бағыт бойынша автобустар жаңартылып, көлік саны 157-ден 180 автобусқа дейін артқанын хабарлады.

Сондай-ақ Бостандық ауданындағы 7 мектептің 760 оқушысы «Мектеп автобусы» жобасымен қамтылған, ал жаңа оқу жылының басынан бері мектеп автобустарының саны 17-ге дейін артты.

Айта кету керек, жалпы Алматыда биылғы жылы 250 км болатын 274 көше орташа жөндеуден өтеді. Осылайша, жақсы және қанағаттанарлық жағдайда тұрған жолдардың үлесін 92%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен газбен жүретін 600автобус, 100 электробус және 112 троллейбус сатып алынады.

Оқи отырыңыз: Алматының Бостандық ауданының инженерлік инфрақұрылымы қалай дамып жатыр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир