Газбен жылыту жүйесі орнатылған үйде жарылыс болды
aqmola_tjd
Бірақ өрт шықпаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақмола облысында жекеменшік үйде газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан үй иесі көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, трагедия 7 қарашада Целиноград ауданы Қызылсуат ауылында болған. Жеке тұрғын үй аумағында автономды газбен жылыту жүйесі орнатылған. Үй иесі даладағы газгольдер (газ сақтағыш) құдығын ашқан кезде газ-ауа қоспасы жарылған. Бірақ өрт шықпаған.
«Оқиға орнында 1948 жылы туған үй иесі көз жұмды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – дейді құтқарушылар.
Төтенше жағдайлар департаменті халықты қауіпсіздік шараларын барынша сақтауға үндеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31