Куәгердің сөзінше, сәбидің кіндігі кесілмеген
Бүгін таңғы сағат 8:00 шамасында Талдықорғанда қоқыстан жаңа туған сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Куәгердің сөзінше, сәбидің кіндігі кесілмеген.
«Қоқыс төгуге шыққанмын. Қарасам ақ орамал қан болып жатыр. Ішінде бала жатыр. Кіндігі кесілмеген. Жолдасымен қоса жатыр. Бала өліп қалған. Шамамен 7-8 айлық па деп ойлаймын, кішкентай бала екен», - деді куәгер.
Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Әзірге баланы қоқысқа кімнің тастап кеткені белгісіз.
Айта кетейік, шақалақтың денесі Талдықорғандағы 7 шағынаудандағы 17 үйдің қоқыс төгетін жәшігінен табылды.