БҚО-да жоғалған баланың денесі 3 күннен кейін табылды

26.06.2022 15:23

Бала Батыс Қазақстан облысындағы Шалқар көлінде жоғалып кетті

СС0 / Dana Tentis

Құтқарушылар Шалқар көлінде жоғалған 9 жасар баланың денесін тапты. Бұл туралы Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап хабарлады.

"Баланың денесін құтқарушылар мен еріктілер тапты, оны толқын жағаға шығарып тастаған", - дейді құтқарушылар.

Еске сала кетейік, 22 маусымда сағат 16:45-те Теректі ауданындағы Сарыөмір ауылынан бала жоғалғаны туралы хабар түскен. Шалқар көлінде үрлемелі матраспен жүзіп жүрген 9 жасар ұл баланы жел әкетіп қалған. Жағада туыстары болған. 66 жастағы атасы немересінің алыс кеткенін көріп, суға секірген. Бірақ екеуі де оралмаған. Түнгі сағат 23:00-де құтқарушылар ер адамды көлдің арғы бетінен тапты. Ол баланың артынан жүзіп, көз жазып қалғанын айтты.