Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Жамбыл облысында өрт сөндірушілер тасжолда жанып жатқан жүк көлігін сөндіру үшін бес сағат жұмсаған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Жанармай құю бекетіне жеткенде 20 тонналық цистернасы газға лық толы "КамАЗ" көлігінен от шыққан. Жүргізуші көлікті бірден бекеттен алысқа айдап, кабинадан шығып үлгерген.
Өрттің жалыны үш метрге дейін көтерілген. Оқиға орнына жеткен 33 өрт сөндіруші бес сағат бойы жүк көлігіне су шашқан. Сөйтіп цистернаны салқындатқан. Егер цистерна қызып кетсе, жарылуы мүмкін деп қауіптенген.
- Өрт сөндірушілер сағат 20:49-да қызыл жалынды басып, 21:34-те толық сөндірді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр, - деді Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Карина Карташова.
Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстанда екі автокөлік соқтығысып қалды