Алматыда 21 жастағы жігіт квадроциклден құлап мерт болды

26.10.2020 15:08

5 адамнан тұратын құтқару экипажы жігіттің денесін 2 километр төмен таудың етегінен тауып алды

ratatum.com

Алматыда квадроциклмен серуендеген жігіт мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы құтқару қызметінің хабарлауынша, 21 жастағы турист Бутаковка шатқалында квадроциклмен серуендеп жүргенде абайсызда құздан құлаған. 

5 адамнан тұратын құтқару экипажы жігіттің денесін 2 километр төмен таудың етегінен тауып алды. 

Өкінішке қарай, турист сол жерде жан тәсілім етті. 

Құтқарушылар төменде күтіп тұрған туыстары мен дәрігерлерге марқұмның денесін зембілмен түсіріп берді.