Ақмола облысында 15 жастағы оқушы эстафеталық ойын кезінде қайтыс болды

21.05.2019 15:09

Ақмола облысында полиция жасөспірімнің өлімін тексеріп жатыр

17 мамырда «Звезды» балалар сауықтыру орталығының «Алау» өңірлік әскери-спорттық ойын алаңында оқушы есінен таңып қалды.

Ақмола облысының білім басқармасының хабарлауынша, бұл оқиға эстафеталық ойын кезінде орын алған. Маусымның 6-сы күні 15 жасқа толған 9 сынып оқушысы мәреге жетпей құлап қалған.

Балаға облыстық емдеу-профилактикалық емхананынң дәрігерлері медициналық алғашқы көмек көрсетіп, аудандық ауруханаға жеткізді. Бірақ, оқушыны аман алып қалу мүмкін болмады. Ол ауруханада есін жимастан көз жұмды.

Қазіргі таңда полиция тергеу жүргізіп жатыр.