Ақмола облысында өртенген қоймадан 10 газ баллоны шығарылды

09.03.2024 14:10

Қойма күзетшісі ауруханаға жеткізілді

ҚР ТЖМ

Целиноград ауданы, Талапкер ауылында 100 шаршы метр алаңда техниканы сақтауға арналған шағын бөлмеде өрт болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қойма күзетшісі ауруханаға жеткізілді. 9 наурызда сағат 02.26-да шыққан. Оқиға орнына дереу Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 4 құтқарушы және 1 техникасы Астана қалалық ТЖД жеке құрамынан 14 құтқарушы және 3 техникасы жөнелтілді. 

- Өртсөндірушілер үйлесімді және кәсіби сауатты әрекеттерінің арқасында өрттің газ-жанармай құю станциясының моноблогына таралуын мүмкіндік бермеген, сондай-ақ 2 Камазды, 2 тиегішті және 1 газ тасымалдағышты өрттен құтқарды, 10 газ баллон шығарылды, - делінген хабарда. 

Өрт сағат 03.24-те оқшауланды, сағат 03.54-те жойылды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін қойма күзетшісі ЖМЖБ-мен Астана қалалық №1 ауруханаға жеткізілді. Тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр. Өрт шыққан қойма.

О0и отырыңыз: СҚО-да көлік өртеніп, екі адамның денесін күйік шалды