СҚО-да бір күнде қос көлік өртеніп, екі адам өмірімен қош айтыса жаздады. Оқыс жағдай Бескөл ауылы маңындағы жанар-жағармай құю бекетінің жанында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, құтқарушылар оқиға орнына жеткенде "Ауди" автокөлігі толығымен қызыл жалынға оранып үлгерген. Дереу әрекет еткен төтеншеліктер өртті толық сөндіріпті. Ал денеcін күйік шалған жүргізуші мен жолаушы бірден ауруханаға жеткізілді. Дәл сол күні Петропавл қаласындағы жанармай құю стансасының маңында да бір көлік өртеніп кеткен. Бірақ төтеншеліктер бұл апаттан зардап шеккен адам жоқ деп хабарлады.
– 2024 жылдың 4 наурызында сағат 15:51-де "101" пультіне Пушкин көшесі, 196 мекенжайында орналасқан жанармай құю стансасының аумағында жеңіл автокөліктің өртенгені туралы хабарлама түсті. Өртті сөндіруге Петропавл қаласы өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 9 адам мен 3 техника жұмылдырылды, – деді облыстық ТЖД №3 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Аслан Есенғалиев.
Оқи отырыңыз: Қарағандылық азамат заңсыз темекі өнімін сатқан