Таразда ірі өрт: базардағы сауда бутиктері мен асхана жанып жатыр
inform.kz
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Таразда құтқарушылар ірі өртті сөндіріп жатыр. Өрт "Береке" базарындағы асхана мен сауда бутиктерін шарпыған. Бұл туралы Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Департаменті мәліметінше, өрт туралы қоңырау таңғы сағат 07:52-де түскен. Өрт Тараз қаласындағы Мәмбет батыр көшесі бойындағы "Береке" базарының асханасы мен сауда бутиктерінен шыққан.
"Оқиға орнына 56 қызметкер мен 13 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 08:30-да өртсөндірушілердің бірлескен күшімен оқшауланды, өртті сөндіру жалғасып жатыр", - деді Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31