Жамбыл облысында Жиделі-Бірлік учаскесінде пойыз апаты болды, деп хабарлайды Almaty.tv
Жамбыл облысында екі теміржолшыны пойыз басып кетті. Жантүршігерлік оқиға Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік аумағында болған. «Қазақстан темір жолы» компаниясының ақпарына сай, пойыз машинисі тежегішті басқанымен көлікті тоқтату мүмкін болмаған. Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына аталған компанияның комиссиясы аттанды. Тергеу басталды. Жұмыс беруші қаза болған марқұмдардың отбасына қайғыра көңіл айтып, қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
– Биыл 21 қаңтарда Шу станциясының Желілік полиция қызмет атқару учаскесінде болған жағдай бойынша желілік полиция бөлімінен, яғни теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларының бұзылуы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл іс бойынша ҚР-ның қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жарияланбайды, – деді Шу стансасы Желілік полиция бөлім бастығының орынбасары Ерлан Сеңгірбаев.
Оқи отырыңыз: Атырауда төбелес кезінде ер адам көз жұмды