Нұр-Сұлтанда түнгі клуб өртенді

10.11.2019 15:11

Өрт сөндірушілер оқиға орнына алты минутта жетті, ғимараттың екінші қабатында электр сымдары жанып жатқан

КЧС

10 қарашаға қараған түні елордада Майлин көшесіндегі түнгі клубтан өрт шықты, деп хабарлайды ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Тілсіз жау туралы ақпар 101 пультіне сағат 00:20-да түскен. Өрт сөндірушілердің алғашқы легі оқиға орнына алты минутта жетті. Мекеменің екінші қабатында электр сымдары жанып жатқан.

"Құтқарушылар тез арада түнгі клубтағы адамдарды эвакуациялауға кірісті. Өрт 00:34-те сөндірілді. Жалын 0,5 шаршы метр аумақты шарпыды", - деп мәлімдеді комитеттен.

Түнгі сауық мекемесінен 8 адам құтқарылды. Олардың екеуіне медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға ешкім жатқызылған жоқ. Полицейлер клуб аумағын қоршауға алды.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 17 адамы мен бес техника жұмылдырылды.


Sputnik.