Арыста қоқыс өртеу кезінде жарылыс болды
Sputnik
Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Арыста қоқысты өртеу кезінде жарылыс болып, соның салдарынан ер адам жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов өзінің Facebook парақшасында айтты.
Кеңесшінің айтуынша, оқиға кеше түнде болған. Қоқысты жағып жатқанда белгісіз зат жарылды.
Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Оған жеңіл дене жарақаттары диагнозы қойылған (аяғы мен қолы жарақаттанған). Оны дәрігерлер тексеріп, қажетті көмек көрсеткен соң үйіне жіберді.
Арнайы қызметтер сол жерде жұмыс істеді. Әзірге нақты ненің жарылғаны белгісіз.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10