Астаналық әйел балаларымен бірге терезеден секірмек болған

11.08.2023 15:13

24 жастағы әйелдің отбасылық жанжалдан кейін осындай әрекетке бел буғаны белгілі болды

Polisia.kz.

Астанада жас келіншек 2 баласымен 9-қабаттан секірмек болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тұрғынды көршілері көріп, полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары маңайдағы адамдармен жиын өткізіп тұрған. Олар оқиға орнына жеткенде үлкен баланың әкесімен бірге тұрғанын көріпті. Ал кіші баласының қолынан ұстаған әйел біреу жақындаса, секіретінін айтып қорқытқан.

Тәртіп сақшыларының бірі әйелді сөзге тартып, мұндай қадамға бармауын өтініп тұрғанда, екінші полицей формасын азаматтық киімге ауыстырып, пәтерге кірген. Байқатпай жақындап, бір қолымен баланы, екінші қолымен анасын ұстап, бөлмеге кіргізген. 24 жастағы әйел отбасылық жанжалдан кейін осындай әрекетке бел буғаны белгілі болды.

ПД Байқоңыр ауданы Полиция басқармасы учаскелік полиция пунктінің маманы Асқар Папышев

– Азаматқа психологиялық көмек көрсетілді. Ол қиын жағдайда қалған азаматтарға арналған орталыққа жеткізілді. Оның жолдасына қатысты отбасылық жанжал фактісі бойынша ҚР Әкімшілік кодексінің 73-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалып, уақытша қамау камерасына қамалды, – деді ПД «Байқоңыр» ауданы Полиция басқармасы учаскелік полиция пунктінің маманы Асқар Папышев.

Оқи отырыңыз: Іс жабылып қалды: төбелестен кейін мүгедек болған азаматтың туыстары әділдік іздейді