Қайғылы жағдай жеке меншік демалыс орындардың бірінде болған
Алматы облысында ер адам бассейнге батып, мерт болды,деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай жеке меншік демалыс орындардың бірінде болған.
«7 шілде күні сағат 18:30-да Алматы облысы Ескелді ауданындағы «Тау Жетісу» демалыс аймағындағы бассейнде шамамен 27-30 жас аралығындағы ер адам суға батып кетті. Денесі бассейннің түбінен, 1.8 метр тереңдіктен табылды. Мүрдені демалыс аймағының жұмысшылары судан шығарды»,– делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ведомоство өкілдері азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.