Бортта 5 экипаж мүшесі және екі жолаушы болған
Соңғы келіп түскен мәліметтер бойынша, ТЖМ-ның құтқару тобы тікұшаққа келіп-жетті. Авиациялық оқиға салдарынан 4 адам қаза тауып, 2 адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, бортта 5 экипаж мүшесі және екі жолаушы болған.
Алдында оқыс оқиға сағат 16:05-те орын алғаны хабарланған. "Қазавиақұтқару" АҚ-ға тиесілі МИ-8 тікұшағы "ҚазТрансОйл" АҚ-тың магистральды мұнай құбырлары желісін жоспарға сай көктен шолып, Атырауға кері оралғанда Орал әуежайынан 54 шақырым жерде бар екпінімен қонған.
Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері жіберілді.