Селфи жасамақ болған екі жасөспірім көз жұмды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Жағдай Алакөл ауданының Бескөл ауылынан бір шақырым жердегі балық зауытының маңында орын алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Алматы облысында екі жасөспірім селфи жасаймын деп мерт болды. Жағдай Алакөл ауданының Бескөл ауылынан бір шақырым жердегі балық зауытының маңында орын алған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құтқарушылар екі қабатты қараусыз жатқан ескі ғимараттың ішінде жасөспірімдердің бетон плитаға бастырылып қалғанын анықтады. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше 2004 және 2005 жылғы жеткіншектер суретке түсу кезінде қаза болған. Тағы 2004 жылғы жасөспірімнің аяқ-қолы сынып, Үшарал ауруханасына жеткізілген.

«Аталған жағдай туралы кешкі 7-жарымдар шамасында хабар келді. Құтқару жұмыстарына облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмылдырылды. Екі техника жұмыс істеді. Осы орайда, селфи жасамас бұрын өміріңіз бен денсаулығыңызға ештеңе қауіп төнбейтініне көз жеткізуіңізді ескертеміз», – деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ерлан Ахашов.


Новости партнеров