Қостанайда 20 жастағы қыз бала жол апатынан қайтыс болды

23.01.2019 15:14

Қостанайда №11 бағытта жүретін жолаушылар автобусы қаланың 20 жастағы тұрғынын қағып кетті, деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz порталы alau.kz-ке сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 22 қаңтарда шамамен 13:00-де Алтынсарин көшесінің бойында «Сулпак» дүкеніне жақын маңда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз баланы жаяу жүргіншілерге арналған жолда қағып кеткен. Ол түрлі дене жарақатын алған. Ауыр халде қызды жансақтау бөліміне жеткізген.

Кейінірек науқастың қайтыс болғаны белгілі болды. «Ол жол апатынан кейін ауыр халде түсті. Біз қажетті көмектің барлығын көрсеттік. Өкінішке орай, аман алып қала алмадық. Ол қайтыс болды», - деді Қостанай қалалық ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымова.

Теги: Жол апаты