Қой бағып жүрген азамат каналға батып кетті

26.07.2023 в 15:15

Мамандар тұрғындардан барлық қауіпсіздік шарасына назар аударуын сұрайды

Қызылорда облысы Арал ауданында қой бағып жүрген 44 жастағы азамат каналға суға кетіп қаза болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар қызметіне 25 шілдеде сағат 17:28-де Арал ауданы, Жаңақұрылыс ауылында тұратын азаматтың суға кеткені жөнінде хабарлама келіп түсті.

«1979 жылғы азамат қой бағып жүріп, «Жарма» суармалы каналына суға түсіп, батып кеткен. Ауыл тұрғындарының көмегімен жансыз денесі табылып, судан шығарылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері облыста 22 адам суға кетсе, оның 6-ы бала.

Мамандар тұрғындардан барлық қауіпсіздік шарасына назар аударуын сұрайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында 20 жастағы малшы төрт күннен бері хабарсыз кетті.

Оқи отырыңыз: Алматы тауларында селден кейін тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр