Риддерде әйел екі жасар ұлын балконнан құлатып алды

28.01.2023 17:49

Оқиға 27 қаңтарда болған

smi24.kz

Риддерде әйел үшінші қабаттағы балконнан төменге түсуге тырысқан екі жасар ұлын құлатып алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 27 қаңтарда болған.

"Қала тұрғыны мас күйінде құлыптаулы тұрған пәтерден балкон арқылы шығуға тырысып, ұлын қолына ұстаған. Бала үшінші қабаттан құлап түсті", – деп хабарлады ресми ақпарат көзі Noks.kz порталына.

Бала ауыр жарақаттың кесірінен аурухананың травматология бөліміне жеткізілген.