Таразда жарылыс болған үй тұрғындарына шұғыл көмек көрсетіліп жатыр

Nur.kz, Tengrinews.kz
Nur.kz, Tengrinews.kz
ТЖД өкілдері №49 пәтерде газ қондырғысының дұрыс қолданылмауы салдарынан жарылыс болғанын анықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тараздағы «Мыңбұлақ» шағынауданына қарасты №62 үйде болған жарылыстан зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетіліп жатыр. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады.

Оқыс оқиға 27 ақпан күні таңғы сағат 6:20 шамасында болған. 5 қабатты үйдегі пәтерлердің бірінде газ жарылып, салдарынан 1-3 қабат аралығындағы бірнеше пәтерге айтарлықтай зақым келген. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, апаттан 2 адам көз жұмып, 6 адам түрлі дәрежеде жарақаттар алды.

ТЖД өкілдері №49 пәтерде газ қондырғысының дұрыс қолданылмауы салдарынан жарылыс болғанын анықтап отыр.

Қазіргі таңда көпқабатты үй толықтай газдан ажыратылды. Ал тұрғындар №47 мектептің спорт залына көшірілген. Оларға жылы киім, ыстық тамақ беріліп, дәрігерлер мен психологтар көмектесіп жатыр. Сондай-ақ, жедел телефон желісі де ұйымдастырылған – 8(7262)540710.

Қазіргі таңда оқиға орнында Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтің басшылығымен шұғыл штаб құрылды. Апат салдарымен күресуге ТЖД мамандары, шұғыл құтқарушылар, полиция, Ұлттық гвардия, жедел жәрдем дәрігерлері, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ, «ЖЭС» ЖШС өкілдері тартылған.


Новости партнеров