Түркістан облысында ірі көлік апаты болды

polisia.kz
polisia.kz
Адам шығыны жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында бірнеше көлік соқтығысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2 қарашада Қазығұрт аудандық полиция басқармасына Алматы – Термез тасжолы Қазығұрт асуында жол апаты болғаны туралы ақпарат түсті.

Патрульдік полиция батальонының қызметкері Mercedes-Benz Е-350 жүргізушісін әкімшілік жауапқа тартып жатқанда Lada 21015 жүргізушісі абайсызда аталған көліктің артына соғылған. Салдарынан Mercedes-Benz Е-350 алдында тұрған полицейдің Kіа Rіо қызметтік көлігін соққан. Осылайша, бірнеше көлікке материалдық шығын келтірілді. Адам шығыны жоқ.

Lada 21015 жүргізушісі мен 2 жолаушысы түрлі дене жарақатымен орталық ауруханаға түсті.

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігі («Көлiкті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан іс-әрекет) бойынша тіркеуге алынды. Бүгінде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Новости партнеров