Алматыда кеше түнде мас күйде көлік айдаған 5 жүргізуші ұсталды

polisia.kz
polisia.kz
Бұрын сот арқылы көлік айдау құқығынан айырылған жүргізуші де анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Мас жүргізуші» іс-шарасы Алматы қаласында өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Шараның мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарда жазатайым оқиғалар мен өлім-жітімді болдырмау және азайту, сондай-ақ, мас күйінде көлік жүргізу фактілерін анықтау.

«Күнделікті іс-шаралар барысында мамандандырылған батальон инспекторлары, сонымен қатар, патрульдік полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізу фактілерін анықтау бойынша жұмыс жүргізеді. Өкінішке қарай, заңнаманың күшеюіне қарамастан, кейбір автокөлік жүргізушілері алкоголь ішкеннен кейін рөлге отырады және жол-көлік оқиғаларына жиі кінәлі болып жатады. Мәселен, биыл жыл басынан бері қала жолдарында мас күйінде 308 жүргізуші ұсталды, олардың бесеуі кеше түнде анықталды. Сонымен қатар, аталған рейд барысында мемлекеттік нөмірсіз және жалған МТНБ-мен жүрген 10 жүргізуші, сондай-ақ, терезесін қараңғылап алған тағы 10 көлік анықталды. Бұған қоса, бұрын сот арқылы көлік айдау құқығынан айырылған жүргізуші анықталды», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті әкімшілік Полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Аманбек.

«Мас жүргізуші» ауқымды іс-шарасы одан әрі де жалғасады.

Новости партнеров