|
01.11.2019 | 10:18
2663

Алматы облысында әйелі күйеуін оқтаумен ұрып өлтірді

Іске қатысты қажетті сараптамалар тағайындау фактісі бойынша тергеумен Кербұлақ аудандық полициясы шұғылдануда

Алматы облысында әйелі күйеуін оқтаумен ұрып өлтірді pixabay.com

Алматы облысында полиция күйеуінің қайтыс болғанын хабарлаған 55 жастағы әйелді қамауға алды. Оған кісі өлтірді деген айып тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz өңірдегі 31 қазанда Сарыөзек ауылының тұрғыны полицияға хабарласып, күйеуінің жан тапсырғанын хабарлаған.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері 1952 жылы туған еркектің өлігін тапқан, оның денесінен көгерген-ісінген қанды жарақаттар байқалып, бұл факті тіркеуге алынды. Сондай-ақ оқиға орнынан қылмыс құралы болуы мүмкін деп танылған оқтау табылды.

«Әйелді полиция бөлімшесіне жеткізіп, сұрақ-жауап алынды. Ол отбасылық жанжал кезінде ішімдік ішіп, масайып алған күйеуін қолымен де, оқтаумен де сабағанын айтты. Әйелге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы, яғни "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалып, оны қамауға алынды», - дейді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Іске қатысты қажетті сараптамалар тағайындау фактісі бойынша тергеумен Кербұлақ аудандық полициясы шұғылдануда.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Әйел
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир