Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина алғаннан кейінгі жағдайын айтты

27.04.2021 15:46

Кеше Алексей Цой тікелей эфирде коронавирусқа қарсы вакцина салдырған болатын

Фото: sputnik.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинадан кейінгі жағдайын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Вакцина салдырғаннан кейінгі бірінші күн. Жағдайым жақсы, кеше кешке қарай екпе салынған жер сәл ауырды, ертеңгісін жазылды. Бәріне денсаулық тілеймін, вакцина салдыруға күтеміз. Өзіміз бен жақындарымызды қорғайық», – деп жазды Цой Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, кеше Алексей Цой тікелей эфирде коронавирусқа қарсы вакцина салдырған болатын.