|
27.06.2022 | 13:48
6508

Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті

Іздеу жұмыстарын Түркістан облысы ТЖД құтқарушылары жүргізіп жатыр

Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті ТЖМ баспасөз қызметі

Түркістан облысында суға батып кеткен екі шетелдік студентті іздеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іздеу жұмыстарын Түркістан облысы ТЖД құтқарушылары жүргізіп жатыр.

2022 жылдың 26 маусымында сағат 20.10-да Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне сағат 16.49-да Төле би ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылғы 2 студенттің белгісіз жағдайда суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат түскен.

"21 студенттен құралған топ Шымкентке келген екен. Барлығы Үндістан Республикасының азаматы, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 19 қызметкер, 1 жүзу құралы және 4 техника, Полиция департаментінен 10 қызметкер және 5 техникасы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Түркістан облысы ТЖД өкілдері судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир