Оқиға сауда үйлерінің бірінде болған
Психикалық ауытқуы бар адам өз жөнімен жүрген тұрғынды эскалатордан ұшырып жіберді. Оқиға Қарағандыдағы сауда үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Almaty.tv
Баспалдақпен түсіп бара жатқан сәтте бейтаныс кісі 25 жастағы азаматты жон арқадан теуіп, жерге құлатқан. Жәбірленуші аман, жеңіл жарақат алған.
«Бұзақылық фактісіне байланысты қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері бұрын психиатриялық есепте тұрған 31 жастағы азамат ұсталып, облыстық психоневрологиялық диспансеріне орналастырылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.