Қызылорда облысында екі бала газдан уланып көз жұмды
ашық дереккөзден
Оқиға орнына ТЖД жеке құрамнан 1 қызметкер барды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қызылорда облысында жеке үйлердің бірінде екі бала газдан уланып қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, қайғылы оқиға 11 қыркүйекте сағат 7:15-те Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі жеке тұрғын үйде болған.
«Н. Бекежанов көшесіндегі жеке тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша табиғи газдан уланып, 2017 және 2020 жылдары туған екі бала қаза болды. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамнан 1 қызметкер барды», - делінген хабарламада.
ТЖД өкілдері газ пештері мен газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36