Теңіз кен орнында 5 жолаушылар автобусы өртеніп кетті

06.03.2021 15:23

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Фото: видеодан алынды

Кеше, 5 наурызда Теңіз кен орнындағы вахталық қалашықтардың бірінде бес жолаушылар автобусы жанып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сағат 19.30-да ССЕР компаниясының автотұрағындағы автобустардың бірінен өрт шықты. Өрт бірден жақын маңдағы төрт автобусқа жайылды.

Өртті сөндіруге «Теңізшевройл» компаниясының үш дана өрт сөндіру техникасы және 30 адам қатысты, оның ішінде өртке қарсы қызмет жауынгерлері мен компания қызметкерлері бар.

СЕР компаниясының өкілі Орақ Бисембиевтің айтуынша, өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 21.00-де ауыздықталып, жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға салдарынан бес көлік жанып кетті. Қазіргі уақытта оқиғаның себебі анықталып жатыр.