Жүргізуші қол жүгірте бастаған: белгілі актриса жүріп бара жатқан көліктен секіріп кетті

Жүргізуші қол жүгірте бастаған: белгілі актриса жүріп бара жатқан көліктен секіріп кетті
Облыстық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының мәліметіне сәйкес, көлік 140 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өзбекстанның танымал актрисасы Гавхар Шарипова жүргізушімен сөзге келіп, жүріп келе жатқан жүк көлігінен секіріп кетті.

Оқиға 18 қараша күні Қашқандария облысындағы А-380 "Самарканд - Гузар" жолында болған.

Облыстық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының мәліметіне сәйкес, көлік 140 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан. Жолда жүргізуші актрисаға қол жүгірте бастаған. Актриса есікті ашса да, жүргізушінің көлікті тоқтататын ойы болмады. Содан соң 39 жастағы әйел көліктен секіріп кетті. Алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik.

Өзбекстанның қылмыстық кодексінің 266-бабы 2-бөлігіне сәйкес (көлікті басқару ережесін бұзу салдарынан болған адам өлімі) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Гавхар Шарипова "Алпомыш", "Сарвиноз", "Әпке", "Алданған әйел" сынды фильмдерге түскен.

Новости партнеров