Өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды
Оралда жоғалып кеткен қыздың денесі өзеннен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қыздың денесін 27 қазан күні сағат 15.00 шамасында балықшылар Жайық өзенінен тапқан.
Алдын ала болжам бойынша, бұл - бұдан бір ай бұрын жоғалып кеткен 1991 жылғы келіншектің денесі. Қарау кезінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған жоқ.
«Айфон 5» телефоны алынды. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалып кеткен 28 жастағы келіншектің іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.