Алматы полициясы: қызды «алып қашқан» пранкқа қатысқандар анықталды

Instagram
Instagram
Көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Алатау ауданында орын алған оқиға пранк, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Осы дерек бойынша тексеру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде оның ұйымдастырушылары мен қатысушылары анықталды. Олардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

«Мен, бұл әлеуметтік эксперимент - пранк екенін айтқым келеді. Мен сол видеодағы қызбын. Менде бәрі жақсы, мені ешкім алып қашқан жоқ. Жұртшылықтан кешірім сұраймыз», – деді 2004 жылы туған Т.есімді азаматша.

Сонымен қатар, «Шевроле Нексиа» автокөлігінің жүргізушісі – 1988 жылы туған И.есімді азамат анықталды және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құқық бұзушылық дерегіне сәйкес оған қатысты ҚР ӘҚбК-нің 290 бабы 2 бөлігі (КҚ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз басқару) және ҚР ӘҚбК-нің 601 бабы 1 бөлігі (жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтамау) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

Новости партнеров