Арыста қыз алып қашқан азамат босатылды:

26.12.2019 15:29

Әйтсе де, әйелдер құқығын қорғайтын бірлестіктер наразылық білдірді

ашық дерек көздерінен

Арыстағы қыз алып қашу түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралғаннан кейін еліміздегі әйел құқығы жөніндегі ғылыми-өндірістік бірлестіктер оқиғаға байланысты өз наразылықтарын білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Қазақстандағы Әйелдер күші альянсынының төрайымының орынбасары Азиза Шөжеева мәлімдеді. Сөзінше, ол аталған жайтқа байланысты Түркістан облысының әкімі Сәкен Қалмақановпен кездесіп, өз пікірін білдіріпті.

Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, ұрланған қыз қазір өз үйінде екен. Оның анасы полицияға арыз түсірген. Дегенмен бойжеткен ер азаматқа өкпесі жоқ екендігін айтқан, сол себепті қызды ұрлаған жігіт босатылыпты.

«Ұлттық мәдениет пен оңтүстіктегі құндылықтарды тілге тиек етудің қажеті жоқ.  Бұл жағдай жас жігіттің заңнан хабары жоқ екендігін аңғартады, өйткені ол өзінің әрекеті арты неге соғатынын ойламаған. Ал бұл жайтқа заң бойынша жаза тағайындалады. Қазақстандағы Әйелдер күші альянсы барлық ата-аналар мен жастардың тәрбиесімен айналысатын бүкіл мекеме мен оқу орындарына үндеу жариялайды. Ұқсас жағдайлардың алдын алу үшін жас ұрпақпен заң мен ережелерді түсіндіріп, олардың сауаттылығын арттыру шарт. Біздің қоғам қазіргі таңда қыз алып қашу мәселесіне көз жұма қарамағаны дұрыс», – деді Азиза Шөжеева.

Айта кетерлік жайт, Қазақстандағы Әйелдер күші альянсы - мемлекеттегі әйелдердің құқығын қорғап, олардың мүмкіншіліктерін арттыруға жәрдемдесетін ғылыми-өндірістік бірлестік.