Таулы жердегі өртті сөндіру қиындық туғызуына байланысты суағар құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылды
Алматы облысында Панфилов ауданында болған орман өртін өшірмек болған 3 адам оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жапа шеккендердің бірі Жаркент орман шаруашылығының қызметкері, қалған екеуі жергілікті тұрғын. Бұдан бөлек, тағы 7 азамат түрлі деңгейдегі күйік алып, біреуі аяғын сындырған.
Жарақат алғандар тікұшақпен Лесновка ауылына жеткізіліп, кейіннен Жаркент орталық ауруханасына жатқызылған.
Тілсіз жаумен күресуге 13 арнайы техника және Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті және полиция департаментінің жеке құрамынан 59 қызметкер жұмылдырылған.