Оралда бес жасар баланы өртеп жіберген

Оралда бес жасар баланы өртеп жіберген
Бүлдіршінді 3-6 пайыз күйік шалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оралда бес жасар бала өртеніп кете жаздады. Оқыс оқиға қаланың «Солтүстік-Шығыс» ықшамауданындағы 19 үйдің ауласында орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚО-дағы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 20 тамыз, сағат 16.10-да жедел жәрдем станциясына шақыру түскенін растады.

"2012 жылы туылған бала науқастарды қабылдайтын бөлмеге термиялық күйікпен түсті. Белгісіз бір бала жеңіл жейдесін өртеп жіберген. Бүлдіршінді 3-6 пайыз күйік шалған. Алғашқы көмек көрсетілді. Ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ. Амбулаториялық бақылауға жіберілді", — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Полиция департаменті осы фактіні растады.

"Қазір кінәлі адамды анықтау үшін тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баланың өртеніп жатқанын көрген ер адам оны сөндіріп, үстіндегі киімін шешуге көмектескен", — деді БҚО-дағы Полиция департаментінің баспасөз қызметкерлері.

Әлеуметтік желіде баланы екі ұлдың өртегені жайлы ақпарат пайда болды.

Новости партнеров