Ақтөбеде мүгедек қызды қамқор туысы екі жылдан бері зорлап келген

Ақтөбеде мүгедек қызды қамқор туысы екі жылдан бері зорлап келген
Облыстық сот істі прокурорларға қайтарып жіберіпті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сұмдық жайт! Ақтөбеде мүгедек қызды туыс ағасы екі жыл қатарынан зорлап келген. ДЦП дертіне шалдыққан 28 жастағы қыз өзіне жасалған арсыз әрекетті әке-шешесіне ыммен түсіндіріп беріпті,

деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.


55 жастағы ер адам туыстарының сеніміне әбден кіргені соншалық, бойжеткенге ешкім жоқ кезде бас-көз боламын деген сылтаумен оның арына қол сұғып келген.

«Намаз оқиды, Құран оқиды. Адамды емдейді. Адамдарды емдейді. Қызыма да массаж істеді. Кім білген олай болатынын?», - дейді анасы.

55 жастағы ағайынынан мұндай қорлықты көрмедім дейді жәбірленушінің анасы. Қызын зорлаған ер адам күйеуінің жағынан туысы болып келетінін айтты. Екінші топтағы мүгедек қызының бойында үрей барын қыркүйек айында байқапты. Әлгі айуан туысы келсе болғаны, қызы «кет, кет» деп ашуланып, өлтірем деп ымдайтын болыпты.

«Денесін ұстап көрсетіп, «ол мені осылай істеді» деп көрсетті қалай істегенін, не істегенін. Бәрін айта алмайды ғой. Көрсетті бәрін. 1 тамызда асүйде, орындыққа отырғызып қойып, күшпен дегенін жасаған», - дейді жәбірленушінің анасы.

Мүгедек қыз сөйлей алмаса да, сурдоаудармашының көмегімен қай бөлмеде, қалай зорлағанын егжей-тегжей көрсетіпті. Ал апталдай ер азамат болса, түк болмағандай, нағашысының қызымен тек бір рет ғана жыныстық қатынасқа түскенін айтқанда, анасы шыдамай кеттім дейді.

«Біз істі сотқа бердік, неге екені белгісіз, олар оны кері қайтады.  Мүмкін мерзімін азайтқысы келді ме. Өзі мойындап тұр, «бір рет қана болды» деп. Бірақ мен оған сенбеймін. Қызымның айтуынша, бір емес, ол көптен бері солай жасап келген. Сондықтан біз оның тиісті жазасын алғанын қалаймыз. Адам емес, ол – хайуан», - деді анасы күйініп.  

Жәбірленген қыздың анасы айуанға әділ жаза кескенін талап етіп отыр. Облыстық соттағылар не себепті істің прокурорларға қайтарылғанын былай түсіндірді:

«Зорлау» фактісі бойынша айыпталған 1966 жылы туған азаматқа қатысты қылмыстық іс түсті. Соттың ағымдағы жылдың 6 қаңтардағы қаулысымен қылмыстық іс прокурорға қылмысық процестік заңнаманың бұзушылықтарына байланысты қайтарылды. Қаулы заңды күшіне енбеді», – деді облыстық соттың бас маманы Айжамал Сүндет.

Әділдік іздеген ана құзырлы органдар істің мән-жайын дұрыс тергеп, айуан ағайынына әділ жазасын беруді талап етіп отыр.

Новости партнеров