Алғаш рет 48 жастағы экс-боксшының үстінен бұрынғы әйелі шағым түсірген
Ауыр салмақтағы Аргентинаның бұрынғы чемпионы Карлос Балдомир қызына зорлық жасағаны үшін 18 жылға сотталды. Бұл туралы worldboxingnews.net жазды, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Прокурордың қорытындысына қарағанда, Балдомир алдымен өзінің қызын сегіз-тоғыз жасында зорлаған. Алғаш рет 48 жастағы экс-боксшының үстінен бұрынғы әйелі шағым түсірген.
Сотта барлығы 14 куәгер айғақ берді. Сот отырысы кезінде Балдомир журналистерге жұдырығын ала жүгіріп, сот процесіне қатысушыларға ортаңғы саусағын көрсеткен.
Балдомир спорттық мансабын 2014 жылы аяқтаған. Оның қазірге дейін 49 жеңісі, 16 жеңілісі және алты ойынында тең түскен, 2006 жылы Балдомир американдық Флойд Мейвезермен кездесіп, жеңіліс тапты.