Апат Сырдария ауданы аумағындағы «Қызылорда-Жалағаш» тас жолының бойында болған
Қызылорда облысында 7 маусым күні жол-көлік оқиғасынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Апат Сырдария ауданы аумағындағы «Қызылорда-Жалағаш» тас жолының бойында болған.
«Mitsubishi Galant» маркалы автокөлік «Audi S4» маркалы автокөлікпен соқтығысып қалған. Оқиға орнында екі адам қайтыс болды. «Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайлары анықталуда», деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын Қызылордада жеңіл көлік аударылып, бір адам қаза тапқанын хабарлаған едік.