|
12.07.2019 | 10:34
4280

Оралда ер адамды тірідей көміп кеткен

Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастап кетті

Оралда ер адамды тірідей көміп кеткен

Қайғылы жағдай Оралдағы Құс фабрикасы ауданындағы саяжайда орын алған. Экскаватор жүргізушісі қазу кезінде жұмысшыны  кездейсоқ жер астына көміп кеткен. Оның мүрдесі тек екі күннен кейін ғана туыстары іздеген соң  шұңқырдан  табылған, деп хабарлайды uralskweek.kz.

65 жастағы саяжайдың тұрғынын туыстары 6 маусым күні жұмыстан келмеген соң іздей бастаған. Ол сол күні экскаватор жүргізушісіне шұңқырды қазуға көмектескен екен.

«Жұмыстан кейін оны іздей бастаған. Әйелінің айтуынша, ол ешуақытта ішімдік ішпеген көрінеді. Жұмысшыны полиция екі күн бойы іздеген. Еш жерден таппаған соң, қазған аймақты ашып қараған. Сөйтсе ол сол шұңқырда көміліп қалыпты», – дейді саяжай тұрғыны Асхат Баетов.

Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастап кетті. «Абайсызда өлімге әкеп соқтыру» бабы бойынша іс қозғалды.

Ал тұрғындар қазу кезінде көз жұмған жұмысшының өліміне саяжай басшысын кінәлауда.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир