Жеке басын куәландыратын құжаты жоқ
БҚО ПД көші-қон басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік департаментінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Шекара қызметімен бірлесіп, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 21 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Ресей Федерациясына Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы заңсыз жаяу өтпекші болған азаматты ұстау кезінде оның жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған.
Жауап алу кезінде ол 2022 жылы Мысыр еліне Сьерра-Леоне Республикасынан босқын ретінде келгенін айтты. Босқын визасының мерзімі өткеннен кейін Мысыр шекарасын заңсыз кесіп өтіп, одан кейін Түркияда заңсыз қалған.
Сондай-ақ ол Армения, Түркіменстан, Өзбекстан шекарасынан заңсыз өтіп, Қазақстан Республикасының аумағына жеткен. Ол Шымкент, Алматы қалаларында болған. 23 қарашада тұрғын үй табуға, жұмыс істеуге көмектесемін деген досымен бірге автобуспен Ақтөбеге келеді, осы қызметі үшін оған 2 мың доллар төлеген.
Алайда кейін ол өзінің алданғанын түсінді. Қазіргі уақытта ұсталған азамат Орал қалалық ПБ-ның қабылдап-тарату орнына орналастырылды.
Аталған факті бойынша материал жинақталып, шешім қабылдау үшін Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Сонымен қатар БҚО ПД көші-қон заңнамасының қызметкерлері БҚО бойынша ҚР ҰҚКД Шекара қызметімен бірлесіп мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде Йемен Республикасының азаматын және Сирия елінің азаматын анықтап, ұстады.
Олар мемлекеттік шекара режимін бұза отырып, өткізу пунктін айналып өтіп, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпекші болған.
Аталған факті негізінде барлық шетел азаматтары ҚР ӘҚБтК-нің 514-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаркершілікке тартылды және БҚО Бөрлі аудандық сотының шешімімен ұсталған азаматтарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазасы қолданылды.
Қазіргі уақытта шетелдіктер ҚР шегінен шығарылды.
Оқи отырыңыз: Жатақханадағы алапат өрттен құтқарылғандар уақытша мектепке орналастырылды