Алапат өрттен құтқарылғандар уақытша мектепке орналастырылды
Сурет: Алматы ТЖД баспасөз қызметі
Қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда өртенген хостелден 59 адам эвакуацияланып, 56-сы жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
- Қазір 56 адам жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды. Ыстық тамақ берілді, қажетті медициналық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетіледі. Бір сағат ішінде ауданның қонақ үйлеріне орналастырылады, – деп хабарлады қалалық әкімдіктен.
Еске салайық бүгін мегаполисте хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты.
Дәрігерлер өрттен зардап шеккен 2 адамға көмек көрсетті. Олар ауруханаға жеткізіліп, кейін амбулаторлық ем қабылдау үшін үйлеріне жіберілді.
Оқи отырыңыз: Алматыда хостел өртеніп, 10-нан аса адам қаза тапты
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37