Түркиялық футболшы COVID-19 белгілері болған 5 жасар ұлын тұншықтырып өлтірген

© Daily Sabah
© Daily Sabah
Түркиялық Суперлига клубтарының бірінде ойнаған футболшы қылмысын баласының қайтыс болғанына 11 күн өткеннен кейін мойындаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркиялық футболшы Джевхер Токташ өзінің 5 жасар баласын өлтіргенін мойындады, деп хабарлайды tengrinews.kz .

23 сәуірде футболшы баласын қатты жөтелмен және дене қызуы қатты көтерілген күйде ауруханаға әкеледі. Дәрігерлер балада коронавирустың белгілері бар деп ауруханаға қабылдайды, әкесін карантинге жатқызады. Бірнеше күннен кейін 32 жастағы спортшы дәрігерді палатаға шақырып, ұлының тыныс алуға қиналып жатқанын айтады. Дәрігерлер баланы шұғыл жансақтау бөліміне жатқызады, алайда екі сағатқа жетпей қайтыс болады.

COVID-19 жұқтырған адамның белгілерінің бірі - тыныс алудың нашарлауы болғандықтан, дәрігерлер баланың өлімінен күдікті ештеңе байқамайды. Бірақ футболшы кейін полиция учаскесіне келіп, өзінің қылмысын айтып береді.

Ол баласымен бір бөлмеде болған кезде тұншықтырғанын айтқан.

"Мен шалқалап жатқан баламның бетіне жастық қойдым. 15 минут бойы тұншықтырдым, жастықты алмадым. Ұлым жанталасты. Ол қимылдағанын қойғаннан кейін ғана жастықты алдым. Содан соң күдік туғызбау үшін дәрігерлерді шақырдым", - деген футболшы.

Спортшы өз әрекетінің себебін "кіші ұлын ешқашан жақсы көрмедім" деп түсіндірген.

"Неге екенін білмеймін. Сол күні өлтіргенімнің бір ғана себебі - ол маған ұнамайтын. Психикамда ешқандай проблема жоқ", - деді Токташ.

Содан соң футболшы тұтқындалды. Енді ол "Жақын туысын өлтірді" деген қылмыстық бапқа сәйкес өмірінің соңына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Новости партнеров