Алматы - Қорғас жолында ауыр жол апаты орын алды

07.11.2019 15:37

Жүргізуші ауруханаға жеткізілді

Алматы – Қорғас ақылы жолының ақша төлейтін терминалы алдында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы бағытындағы Nissan Primera жүргізушісі қатты жылдамдықпен келіп, терминалға ақша төлемек түгілі тоқтамастан өте шығып, ар жағындағы бетон бордюрге оңбай соғылды.

Быт-шыты шыққан Nissan-ға терминал қызметкерлері жақындағанда жүргізуші мыжылған көлік ішінде жатқан. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Дәрігерлер келгенде есін жиған жүргізуші шашылған бөлшектерін жинап, көлігінің ішіне сала бастады.

Бірақ жүргізуші ақыры ауруханаға жеткізілді. Куәгерлер ол жүргізушінің сау күйде екеніне күмән келтіретінін айтқан.

Теги: ДТП